Станислав Черчесов: қағаз жүзінде Аустрия құрамасы мүлде басқа деңгейде

Станислав Черчесов: қағаз жүзінде Аустрия құрамасы мүлде басқа деңгейде

Станислав Черчесов Аустриямен болатын ойын туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстан құрамасының бас бапкері қарсыластың деңгейіне де тоқталған болатын. 

«Аустрияға қарсы ойындағы мүмкіндігіміз қандай? Мектепте математикадан үздік болғам, жақсы есептейтін едім. Бірақ пайыз есептеу менікі емес. Әрине, өзімізді жақсы қырынан көрсеткіміз-ақ келеді. Қағаз жүзінде Аустрия құрамасы мүлде басқа деңгейде. Олар Еуропа чемпионатында тамаша ойнап, елдің аузында жүрді», - деді ресейлік маман. 

Айта кетейік, 10-қазанда Қазақстан құрамасы сырт алаңда Аустриямен шеберлік байқасады. Одан кейін үш күн өткен соң Алматыда Словениямен ойнайды.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или