Әлімханұлының промоутері боксшының алдағы жекпе-жектері туралы пікір білдірді
Промоутер әрі Top Rank басшысы Боб Арум WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшысы Жәнібек Әлімханұлының доминикандық Карлос Адамес, кубалық Эрисланди Лара және ұлыбританиялық Хамза Ширазға қарсы ықтимал жекпе-жектері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жәнібек, менің ойымша, орта салмақтағы тамаша боксшы. Оны алда талай жекпе-жек күтіп тұр. Ол жұдырықтасуы мүмкін тағы екі титул иегері бар: Адамес пен Лара. Сондай-ақ тамаша жекпе-жек болатын англиялық Шираз бар. Менің ойымша, Жәнібек бәрімен жекпе-жек өткізуге дайын», - деді промоутер BoxNation-ге берген сұхбатында.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сиднейде өткен кәсіпқой бокс кешінде жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) 9-раундта нокаутпен жеңіп, орта салмақтың екі чемпиондық (WBO,IBF) титулын қорғап қалған болатын.