Қазақстандық теннисші финалға жолдама алды
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин (#904 ATP) Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Challenger турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол жартылай финалда жергілікті Йе Конг Моны (#577 ATP) екі сетте 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 38 минутқа созылды.
Іріктеу кезеңінің финалында отандасымыз тайваньдық Рэе Хомен (#1110 ATP) күш сынасады. Кездесу 8 қазан күні, Қазақстан уақытымен 7:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или