«Тобыл» қысқа мерзімді демалысқа шықты
«Тобылдың» негізгі құрамының ойыншылары халықаралық үзіліс аясында қысқа мерзімді демалысқа шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Премьер-лиганың 22-туры аясындағы «Жеңіспен» ойынынан кейін «Тобыл» қысқа демалысын бастады. Жоспар бойынша ойыншылардың көпшілігі 8 қазанда жаттығуға қайтады, ал ұлттық құрама ойыншылары кейінірек командаға қосылады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі кездесу өткізеді: 10 қазанда сыртта Австриямен және 13 қазанда Словения құрамасымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или