Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны финалға өтті
Шымкентте өтіп жатқан Қарақозы Әбдалиев атындағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
92 келіден жоғары салмақтағы жартылай финалдық кездесуде Қазақстан чемпионы Даниял Сапарбаймен кездесті. Оралбай жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Парижде өткен Олимпиада ойындарында Айбек Оралбай ширек финалға дейін жетіп, әзербайжандық боксшы Лорен Альфонсо Домингестен жеңіліп қалған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или