«Астананың» Конференция лигасындағы алғашқы ойыны: Қазақстанға «ТСЦ Бачка Топола» келеді
«Астана» қазақстандық жанкүйерлерге күзгі еурокубок сыйлады – іріктеу кезеңінің соңғы сатысында бірінші ойында сырт алаңда екі доп айырмасымен жеңген норвегиялық «Браннды» өз алаңында 3:0 есебімен жеңіп, жарыс жолынан шығарды. Енді елордалық клуб Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі жорығын бастайды. Алғашқы матч 3 қазан күні Алматыда өтеді.
Бұл лига да Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағыдай жаңа форматқа ауысты. Маңызды ерекшелік, әр клуб негізгі кезеңде тек 6 ойын өткізеді – 3 ойын өз алаңында және 3 ойын сырт алаңда. Биылғы маусымда Чемпиондар лигасында әр клуб 8 матч ойнайды. Яғни, Чемпиондар лигасында командалар шешуші турларды қаңтарда өтеді, ал Конференция лигасының негізгі кезеңі желтоқсанда яқтайды. Астаналық ұжым соңғы ойындарын «Челси» мен «АПОЭЛ» командасына қарсы өткізеді.
Клубтың алғашқы қарсыласы «ТСЦ Бачка Топола». Бұл Сербия чемпионатындағы үшінші команда, қола жүлдегер. Серб лигасында екі алпауыт - «Партизан» мен «Црвена Звездадан» кейінгі үшінші ұжым атанды. «ТСЦ Бачка Топола» аталған екі клубқа лайықты қарсылық танытып жүр.
Команда 2023/24 жылғы маусымда екінші орын алып, Еурокубокқа жолдама алды. Іріктеуде Чемпиондар лигасына өте алмай, кейін Еуропа лигасында топтық кезеңіне түсті. Сербтер онда бір матчта ғана жеңіске жетті.
Transfermarkt мәліметі бойынша, «ТСЦ Бачка Топола» «Астанадан» үш есе қымбат. Биылғы маусымда клуб ішкі біріншілікте онша жақсы өнер көрсетіп жүрген жоқ – тоғыз турдан кейін тоғызыншы орында тұр. Олар үшін еурокубок маусымы Еуропа лигасында басталып, Тель-Авивтің «Маккабиінен» жалпы 1:8 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша «ТСЦ Бачка Топола» Конференция лигасына жолдама алды.
«Браннмен» өткен екінші матчтан кейін «Астана» ішкі біріншілікте мүлде жеңілген жоқ. Қазақстан чемпионатының аяқталуына алты тур қалғанда команда бесінші орында тұр, бірақ кейінге шегерілген ойындарын сәтті өткізше, көш басына жақындай түседі. Сонымен қатар, елордалық клуб қараша айында Лига кубогының финалында өнер көрсетеді. Команданың бас бапкері Григорий Бабаян «ТСЦ Бачка Топола» алғашқы минуттардан қысым көрсететінін, ал «Астананың» міндеті – ойынды жоспар бойынша өткізу екенін айтты.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы «Астананың» жеңісіне – 1.72, тең ойынға – 3.74 және қонақтардың жеңісіне – 4.85 коэффициент беріп отыр.
«ТСЦ Бачка Топола» қатысқан соңғы жеті матчта жеті қызыл қағаз алған. Команда ойынын дөрекі деп бағалауға болады. Сондықтан ойында қызыл қағаз болады деген бәсті таңдауға мүмкіндік бар. Tennisi.kz мұндай бәске 3.56 коэффициент ұсынады.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.