Отандық футбол ойындарын өткен аптада 30 мыңнан астам жанкүйер тамашалады
Отандық футбол ойындарын өткен аптада 30 мыңнан астам жанкүйер тамашалады, деп хабарлайды Prosports.kz
Назарларыңызға QFL ойындарын тамашалаған жанкүйерлер санын ұсынамыз.
QFL Қазақстан Кубогының финалы аясында өткен «Атырау» - «Ақтөбе» ойыны - 13 576 жанкүйер!
QFL Премьер-лигасының кейінге шегерілген 14-ші, 16-шы, 18-ші тур ойындары - 6 600 жанкүйер! Ең көп жанкүйер жиналған матч - «Тобыл» - «Шахтер» (4 000)
QFL Лига Кубогының жартылай финалдық ойындары - 3 300 жанкүйер!
QFL Бірінші лигасының 26-шы тур ойындары - 2 440 жанкүйер!
QFL Бірінші лигасының кейінге шегерілген 4-ші тур аясында өткен «Ақжайық» - «Арыс» ойыны - 300 жанкүйер!
QFL Екінші лигасының 21-ші туры - 4 280 жанкүйер! Ең көп жанкүйер жиналған матч - «Ертіс» - SD Family (3 000)
QFL Әйелдер лигасының 20-шы тур ойыны - 100 жанкүйер!
Жалпы 23-29 қыркүйек аралығында футбол тамашалауға келген барлық көрермен саны - 30 596.
Ал, осы маусымда QFL турнирлері ойындарына келген жанкүйерлер саны - 999 771!