Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайловичтің баспасөз мәслихаты жанжалмен аяқталды

Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайловичтің баспасөз мәслихаты жанжалмен аяқталды

Сидней қаласында Жәнібек Әлімханұлы және оның қарсыласы Андрей Михайловичтің командалары сөзге келіспей қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 2 қазан Сидней қаласында Жәнібек Әлімханұлы мен оның командасы жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатына қатысты. Алайда аталмыш жиын жанжалмен аяқталды. Жәнібектің қарсыласы Андрей Михайлович қазақ боксшысына жазда жекпе-жекке шықпай қойғанын айтып сес көрсетті.

Еске салайық, 12 шілде Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегі қарсаңында ауруханаға түсіп қалған еді. Ол cалмақ қуу кезінде есінен танып қалған. Кейін ол дереу медициналық орталыққа жеткізілген. Ал Жәнібек Әлімханұлының командасы қарсыластарының дайындыққа аз уақыт бергенін айтты.

«Лас-Вегастағы жекпе-жекке дайындалуға сендерге 3 ай уақыт бердік. Ал сендер бізге осы жолы небәрі 28 күн беріп отырсыңдар. Бұл сыйластыққа жата ма?», - деді Жәнібектің менеджері Берік Сұлтан.

Баспасөз мәслихаты жанжалға ұласып, Андрей Михайловичтің командасы Жәнібектің менеджерін балағаттап жібереді. Айта кетейік, жаңазеландиялық кәсіпқой боксшы Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) пен Жәнібек Әлімханұлы 4 қазанда Сидней қаласында жұдырықтасады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или