Астанада шорт-тректен Қазақстанның іріктеу чемпионаты басталды

Астанада шорт-тректен Қазақстанның іріктеу чемпионаты басталды

Бүгін, 2 қазанда Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Республикалық турнир іріктеу мәртебесіне ие. Оның нәтижесі бойынша Қазақстанның жаңа маусымдағы құрамасы жасақталады.

Оған жарыстар жеңімпаздары енетін болады. Сонымен бірге құрамаға уақыт және рейтингідегі орны бойынша үздік деп танылған спортшылар кіреді.

Бұған дейін қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Роттердам қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или