Қазақстан құрамасының жаңа капитанының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Қазақстан құрамасының жаңа капитанының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Шымкентте өтіп жатқан Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Оралбай украиналық боксшы Кирилл Стоянцевпен қолғап түйістіріп, қарсыласының бас тартуынан кейін жеңіске жетті.

2 қазан күні өтетін ширек финалдық кездесуде Айбек түрік боксшысы Айдемир Угурмен жұдырықтасады.

Айта кетейік, Парижде өткен Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы ширек финалда әзірбайжандық боксшы Лорен Альфонсо Домингестен жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или