Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Шанхайда (Қытай) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші турнирдің іріктеу финалында британиялық Билли Харристі 7:5, 2:6, 6:4 есебімен ұтты.
Кездесу 2 сағат 5 минутқа созылды.
Айта кетейік, Шанхайдағы теннистен ерлер арасындағы турнир 2009 жылдан бері «Мастерс» мәртебесіне ие. Дәстүр бойынша, ол қазан айының басында ойналады және маусымның соңғы «мыңшысы» болып табылады: одан кейін «Мастерс» тек Парижде ойналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или