ҚПЛ төрт футболшысы еуропалық құрамаға шақырту алды

ҚПЛ төрт футболшысы еуропалық құрамаға шақырту алды

Беларусь құрамасының бапкері Карлос Алос Феррер УЕФА Ұлттар лигасында Солтүстік Ирландия мен Люксембургке қарсы ойындарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімге «Қайрат» ойыншылары Александр Мартынович пен Валерий Громыко, «Астана» ойыншысы Макс Эбонг және «Елімай» өкілі Никита Корзун кірді.

Беларусь құрамасының жиыны 6-16 қазан аралығында өтеді. Солтүстік Ирландияға қарсы ойын 12 қазанға белгіленген, ал үш күннен кейін Феррер шәкірттері Люксембургке қарсы ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или