«Ақтөбе» форварды Қазақстан азаматтығы туралы пікірін айтты
«Актөбе» шабуылшысы Ыдырыс Ұмаев BorodAbata YouTube-арнасына берген сұхбатында азаматтықты ауыстыру процесі мен Қазақстан құрамасына шақырту мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Наурыздың ортасында «Қайсарға» қарсы ойнымыз болды, содан кейін үзіліс басталды. Бәрі демалыс күндеріне үйіне ұшып кетті, мен де үйге билет алдым. Кейін маған Астанадан қоңырау шалып, төлқұжат алу үшін келуімді сұрады. Нәтижесінде Қазақстанда қалып, Грекияға қарсы ойын алдында төлқұжат аламын деп үміттендім. Өздеріңіз көріп тұрғандай, олай болмады. Өз тарапымнан барлық қажетті әрекетті жасадым. Төлқұжатты тез аламын деп күткен болармын, бірақ бұл ұзақ процесс сияқты», – деді Ұмаев.
Еске сала кетсек, наурызда Қазақстан құрамасының экс-бапкері Магомед Адиев Ұмаевты Грекияға қарсы ойын алдында құрамадан күтетінін мәлімдеген еді. Қазақстан сол Ұлттар лигасы матчында 0:5 есебімен жеңіліп қалған болатын.