ATP 1000 Шанхай: Бейбіт Жұқаев іріктеу кезеңінің финалында
Жұқаевқа негізгі кезеңге өту үшін бір қадам қалды, деп хабарлайды Prosports.kz
Бүгін таңда қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев (#196) мен оңтүстік африкалық Крис Ван Вейк (#385) арасында ATP 1000 Шанхай шеберлері турнирінің негізгі кезеңіне іріктеу матчы өтті.
Бейбіт қарсыласын екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, іріктеу кезеңінің финалына шықты. Матч бір сағат 19 минутқа созылды.
Іріктеу кезеңінің финалында қазақстандық теннисші британиялық Ллойд Харриспен (#104) кездеседі. Кездесу 1 қазан күні, Астана уақытымен сағат 9:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или