Бублик Қытайдағы жарыстың ширек финалында сүрінді
Қазақстандық теннисші Александр Бублик испаниялық Педро Мартинеспен бірге, Бейжіңдегі ATP сериясының жұптық сынында ширек финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бублик пен Мартинестің қарсыластары Симоне Болелли мен Андреа Вавассори болды. Кездесу екі сетте 6:0, 7:5 есебімен итальяндықтардың жеңісімен аяқталды.
Бұған дейін Қытайда өткен жекелей бәсекеде Бублик бірінші айналымда итальяндық Флавио Коболлиден (6:4, 1:6, 6:7) жеңіліп қалған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или