Қазақстан кубогы финалының билеттерінен түскен қаражат түгелімен қайырымдылыққа жұмсалады

Қазақстан кубогы финалының билеттерінен түскен қаражат түгелімен қайырымдылыққа жұмсалады

Қазақстан кубогы финалының билеттерінен түскен қаражат түгелімен қайырымдылыққа жұмсалады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі QFL баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Qazaqstan Football League QFL Қазақстан кубогы финалының билеттерінен түскен қаражат түгелімен «Мейірім» оңалту орталығына берілетіні туралы хабарлады. Мұндай шешімді Лига президенті Ғани Қайназаров қабылдады.

Кеше Алматыда QFL қызметкерлері «Мейірім» оңалту орталығынын қызметімен танысты. Орталықта физикалық және менталдық ерекшелелігі бар балаларға қолдау көрсетіледі. Осы күнге дейін 1 000-нан астам бала коррекциялық-педагогикалық қолдау алған. Орталық еліміздегі осындай бейіндегі алғашқы мемлекеттік емес ұйымдардың бірі болып табылады. Онда әлеуметтік, педагогикалық және физикалық оңалту алу үшін балалар күні бойы ата-анасыз, мамандардың бақылауымен қолайлы жағдайда бола алады.

Ғани Қайназаров «Мейірім» оңалту орталығын 20 жылдығымен құттықтап, QFL әлеуметтік жауапкершілік қағидасын ұстанатыны туралы мәлімдеді. Орталықтың бас директоры Елена Күзембаева Лига басшысына бұл бастамаға және ерекше балаларды қолдағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, билеттерден түскен қаражаттың берілуінен бөлек, орталықтың тәрбиеленушілері финалдық ойынның басында футболшылармен алаңға шығып, айтулы спорт шарасының қатысушысы болады.

 «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч 29 қыркүйек күні кешкі 17:00-де Алматы қаласындағы Орталық стадионда өтеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или