Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты

18-жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Мадридтегі ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жиенбаева (WTA рейтингінде 781-орын) швейцариялық Дженни Дерстпен (WTA рейтингінде 419-орын) кездесті.

Матч 7:6, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Жартылай финалда  Соня Элис Гиллан (Ұлыбритания) — Альба Рей Гарсия (Испания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или