Өміртаевтың соңғы минутта соққан голы командасын жеңілістен құтқарды
Беларусь Жоғарғы лигасының 23-туры аясындағы матчта Борисовтің БАТЭ командасы өз алаңында солигорскілік «Шахтермен» кездесті , деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.
Алаң иелерінің қазақстандық шабуылшысы Оралхан Өміртаев ойынды қосалқы құрамнан бастап, 70-минутта алаңға шықты. Кездесудің соңғы минутында Өміртаев гол соғып, есепті теңестірді.
Оралхан БАТЭ сапында чемпионатта 7 матчқа қатысып, 3 гол соқты.
БАТЭ (Борисов, Беларусь) - «Шахтер» (Солигорск, Беларусь) 1:1 (0:0)
Голдар: Ковалевич 60, Оралхан Омиртаев 90+4.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или