«Тобылдың» бұрынғы көшбасшысы футболшы карьерасын аяқтады
Сербиялық жартылай қорғаушы Зоран Тошич 37 жасында футболшы карьерасын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Зоран бұл шешім туралы әлеуметтік желіде жазды.
«Барлық жақсы нәрселер бір күні аяқталады. Мұндай сәт ешқашан келмейді деп үміттендім, бірақ мен футболшы карьерамлы аяқтаймын», - деп жазады Тошич.
Еске салайық, Зоранның соңғы клубы грекиялық «Ламия» болды. Ол карьерасында «Партизане», «Манчестер Юнайтед», ЦСКА, қостанайлық «Тобыл» және басқа да бірнеше клубтарда ойнай алды.
«Футбол менің ең үлкен құмарлығым болып қала береді. Басқа рөлде кездескенше», - деді Тошич футболдан кетпейтінін меңзеп.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или