Абель Санчес: «Альверес Коттоны жеңгенімен, деңгейі Головкинге сәйкес емес»

Орта салмақ бойынша WBA/IBF тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчестің айтуынша, Сауль Альверес қарсыласы Мигел Коттоны жеңгенімен, оның деңгейі Геннадий Головкинге сәйкес келмейді.

«WBC чемпионы Сауль Альварес қарсыласы Мигел Коттоны жеңгенімен, оның деңгейі Геннадий Головкинге сәйкес келмейді. Альварес кезекті жекпе-жекте өзін жақсы көрсетіп, қарсыласын жеңгенімен, оның тәжірибесі, кәсіби деңгейі Геннадий Головкинмен кездесуге сәйкес емес», – дейді Абель Санчес.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 25 жастағы мексикандық боксшы Сауль «Канело» Альварес пуэрторикалық 34 жастағы Мигель Коттоны жеңіп, орта салмақтағы WBC чемпиондық титулына ие болған еді. Кезекті қарсыласын жеңген С.Альварес шаршы алаңда ешкімнен қорықпайтынын, тіпті Геннадий Головкинмен де жекпе-жекке шығуға дайын екендігін жариялаған болатын. Айта кетейік, Геннадий Головкин Вleacher Report нұсқасы бойынша Р4Р 4-орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или