«Астана» Лига кубогының финалына жолдама алды
Бүгін футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы аясында «Астана» мен «Елімай» кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматы қаласындағы «Хан-Тәңірі» стадионында командалар қарымта ойын өткізді. Семейдегі кездесуде 0:0 есебі тіркелген еді. Қарымта матчта да командалар есеп аша алған жоқ.
Екі кездесуде де 0:0 есебі болып, командалар пенальти сериясына өтті. Онда елордалық команда жеңіске жетті. Қақпашы Мұхамеджан Сейсен пенальти сериясында екі сейв жасады.
Футболдан Қазақстан кубогы. 1/2 финал
«Астана» - «Елімай» (Семей) 0:0 (пенальти сериясы 3:1)
Төреші: Сұлтанғалиев (Атырау)
25 қыркүйек. Алматы. «Хан-Тәңірі» стадионы
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или