Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирде жеңілді

Қазақстандық теннисші Португалиядағы турнирде жеңілді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Лиссабонда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тимофей үш сетте жергілікті спортшы Фредерик Феррейра Сильвадан (әлемнің 487-ші ракеткасы) 6:4, 2:6, 2:6 есебімен ұтылды. Ойын екі сағат 38 минутқа созылып, турнирдің 1/16 финалдық кезеңінде өтті.

Айта кетейік, 23 жастағы Скатов қазір ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде 195-ші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или