Айымбетовтың агенті шабуылшы неліктен «Адана Демирспорда» ойнамай жүргенін түсіндірді
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтың агенті Траян Гергишан футболшы неліктен «Адана Демирспор» сапында соңғы екі матчында неге алаңға шықпағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Агенттің сөзінше, Абат жарақат алған, қазір қалпына келтіру процесі жүріп жатыр. Клуб бұл процесті жылдамдатқысы келмейді, сондықтан Айымбетовтің сауығуы кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Сонымен қатар менеджер түрік командасының бас бапкері ойыншыға сенім артып отырғанын атап өтті.
Еске салайық, Гергишан 2024 жылы қыста Абат Айымбетовтың түркиялық клубқа ауысуын ұйымдастырған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или