Атыраудағы турнирде жерлестеріміз 21 медальді қанжығасына байлады

Атырауда әйелдер арасында Кеңес Одағының батырлары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованы, сондай-ақ ҚР Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованы еске алуға арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, жерлестеріміз жеті «алтын», алты «күміс» және сегіз «қола» олжалады. Әйгерім Асқарова (48 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Назым Ищанова (60 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Дариға Шәкімова (75 кг) мен Мөлдір Базарбаева (81 кг) алтыннан алқа тағынса, күміс жүлде Әйгерім Қасенаева (48 кг), Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Зарина Цолоева (64 кг), Ақерке Құсайынова (69 кг), Юлдуз Маматқұлова (81 кг) және Умида Садықоваға (81 келіден жоғары) бұйырды.

Үшінші орынды Алина Тұрлыбаева (48 кг), Назым Қызайбай (51 кг), Мария Агапова және Келембет (57 кг), Мадина Нұршаева (64 кг), Баян Ақбаева (69 кг), Дания Тілеуімбетова (81 кг) мен Тоғжан Сыздықова (81 келіден жоғары) иеленді.

Дүбірлі додада әлемнің алты елінен 83 қыз бақ сынасқан. Айта кетсек, қазақтың батыр қыздарын еске алуға арналған турнир алғаш рет жалауын көтерді. Аталған сайыс елімізде әйелдер боксын дамытып, құрамадағы бәсекені күшейтуге бағытталған.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или