Головкин мен Санчес Альвареспен жекпе-жек өткізу туралы пікір білдірді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның бапкері Абель Санчес максикалық Сауль Альварестің пуэрториколық Мигель Коттомен болған жекпе-жегі жайлы пікірлерін айтты.

«Жақсы жекпе-жек. Екеуі де тамаша өнер көрсетті. Бұл өте тығыз жекпе-жек болды. Мен дайынмын», - деді қазақстандық боксшы Котто-Альварес жекпе-жегінен кейін тілшілерге жауап бере отырып.

Ал Головкиннің бапкері Абель Санчес Fight Hype басылымына берген сұхбатында кездесуден алған әсерін айтты. «Альвареске оңай болған жоқ, Котто - үлкен чемпион. Меніңше, Канело бұл жекпе-жекте жақсы жұдырықтасты, бірақ ол Геннадий Головкиннің деңгейінде емес», - деді Санчес.

Еске салайық, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (46-1-1, 32 КО) пуэрториколық Мигель Коттоны (40-5, 33 КО) жеңіп, орта салмақта WBC тұжырымының жаңа чемпионы атанды. Жекпе-жек бүгін, 22 қарашада өтті. Кездесуден кейін «Канело» Геннадий Головкинмен қазір болса да жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или