Отандық футбол ойындарын өткен аптада 45 мыңнан астам жанкүйер тамашалады
Отандық футбол ойындарын өткен аптада 45 мыңнан астам жанкүйер тамашалады, деп хабарлайды Prosports.kz
Назарларыңызға QFL ойындарын тамашалаған жанкүйерлер санын ұсынамыз.
QFL Премьер-лигасының 21-ші туры - 35 130 жанкүйер! Ең көп жанкүйер жиналған матч - «Ордабасы» - «Астана» (14 000)
QFL Премьер-лигасының кейінге шегерілген «Қайсар» - «Астана» 15 тур ойыны - 4 500 жанкүйер!
QFL Бірінші лигасының 25 тур ойындары - 2 200 жанкүйер! Ең көп жанкүйер жиналған матч - «Каспий» - «Қайрат-Жастар» (500)
QFL Екінші лигасының 20-шы туры - 3 090 жанкүйер! Ең көп жанкүйер жиналған матч - «Ақсу» - «Ертіс» (2 000)
Әйелдер лигасының 17-18 тур ойындары - 200 жанкүйер!
Жалпы 16-22 қыркүйек аралығында футбол тамашалауға келген барлық көрермен саны - 45 120!
Ал, осы маусымда QFL турнирлері ойындарына келген жанкүйерлер саны - 969 175.