QFL Премьер-лигасының 21-ші турының қорытындысы

QFL Премьер-лигасының 21-ші турының қорытындысы

21-22 қыркүйек күндері аралығында өткен QFL Премьер-лигасының 21-тур ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz 

21-тур қорытындысы бойынша, «Елімай» жеке дара көш бастаса, «Шахтердің» жағдайы одан сайын ушықты.


Қандай жайттар тіркелді?

- 6 матчта 17 гол соғылды.

- 26 сары қағаз көрсетіліп, 1 футболшы алаңнан қуылды.

- «Елімайдың» жеңіс сериясы 5 матчқа жалғасып жатыр.

- Түркістанға оралған «Тұран» клубы екінші мәрте қатарынан 3 ұпай еншіледі.

- «Тобыл» мен «Ақтөбе» клубы осы маусымда 3 мәрте кездесіп, барлығында қостанайлықтар басым түсті.


Айта кетейік, 27-29 қыркүйек аралығында кейінге шегерілген «Ордабасы» - «Тұран», «Тобыл» - «Шахтер» және «Жеңіс» - «Астана» матчтары өтеді. OLIMPBET QFL Премьер-лигасының 22-ші тур ойындары 3,4,16 қазан күндеріне жоспарланған.

Дереккөз: QFL.KZ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или