Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA-1000 халықаралық турниріне қатысудан бас тартты
Әлемнің төртінші ракеткасы, Қазақстан теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA-1000 халықаралық турнирінде кортқа шығудан бас тартты.
Аталған турнир баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рыбакинаның мұндай шешім қабылдауына арқасындағы жарақаты түрткі болған. 2023 жылы ол тура осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен болатын.
Рыбакина осымен үшінші турнирге қатысудан қатарынан бас тартты. Ол АҚШ-тың Ашық чемпионаты мен Сеулдегі Әлем чемпионатына қатыспады.
Дереккөз: Zakon.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или