Жібек Құламбаева Аргентинадағы турнирде топ жарды

Жібек Құламбаева Аргентинадағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уэргомен бірге Аргентинаның Сан-Мигель қаласында өткен ITF санатындағы турнирде топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Құламбаева мен Уэрго жұбы финалда Мария Паулина Гарсия (Колумбия) мен Аврора Зантедешиді (Италия) жеңді. Бірінші партия 6:3 есебімен аяқталса, екінші кезеңде 4:6 есебімен есе қайтарды.

Жеңімпаз супер тай-брейкте анықталды. Бұл жолы 10:7 есебімен Қазақстан/Италия жұбы үздік шықты.

24 жастағы Жібек Құламбаева жекелей сында «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің негізгі кезеңіне әлі қатыспаған. WTA рейтингінде жекелей санатта 382-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или