Геннадий Головкин Сауль Альваресті жеңісімен құттықтады

WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Мигель Коттоны жеңген Мексика боксшысы Сауль Альваресті құттықтады.

Сауль Альварес 72,6 кг салмаққа дейін Дүниежүзілік бокс кеңесінің нұсқасы бойынша чемпион атанып отыр. «Канелоны жеңісімен құттықтаймын! Ұлы жекпе-жек болды!» деп жазған Геннадий Головкин өзінің Твиттердегі аккаунтына.

Гена АҚШ-тың Mandalay Bay аренасында өткен «Котто-Альварес» жекпе-жегін көп жанкүйермен бірге стадионда тамашалады. Мексика боксшысы Сауль Альварес бокстың 12-ші раундына дейін жұдырықтасып, төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті. Енді Сауль Альварес Қазақстан боксшысы Геннадий Головкинмен рингке шығуға міндетті. Егер, Сауль жекпе-жектен бас тартса, Геннадий Головкин автоматты түрде WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или