Болат Сауранбаев: «Қысқы Универсиада нысандарының құрылысына 1200-ден астам ШОБ субъектілері тартылды»

Алматыда 2017 жылы өтетін бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары өтетін спорт нысандарының құрылысына 1200-ден астам отандық шағын және орта бизнес субъектілері тартылды.

Ондағы мақсат - нысандарды дер кезінде пайдалануға беру және отандық өндірісті дамыту. Бұл туралы Алматыда Универсиадаға дайындық аясында отандық өнім өндірушілермен ынтымақтастық форумы барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда әрбір спорт нысанының құрылысына 500-ге жуық отандық компания атсалысып жатыр.

«Қазір 12 мың орындық Мұз сарайының дайындығы 60 пайызды, Атлетикалық ауылдың дайындығы 45 пайызды және 3 мың орындық мұз аренасының дайындығы 45 пайызды құрайды. Бұл нысандарды қарқынды түрде салу үшін 3000-нан астам жұмыс орны ашылды. Ал нысандар толығымен пайдалануға берілгенге дейін жұмыс орындарының саны 12500-ге арттырылатын болады. Қазір спорт нысандарында барлығы 1200-ден астам ЖШС жұмылдырылған. Ал салықтық түсім 9,5 млрд. теңгені құрап отыр», - деді Б. Сауранбаев.

Сонымен қатар, ол теңгенің құнсыздануына байланысты соңғы бір жарым ай ішінде біршама оңтайландыру жұмыстары жүргізілгендігін айтты.

«Осы аталған үш спорт нысандары бойынша 19,5 млрд. теңге оңтайландырылды. Техникалық жабдықтар 2,8 млрд. теңгеге оңтайландырылып, импорттық қондырғыларды едәуір үнемді баламаларына ауыстырудан 8,1 млрд. теңге үнемделді. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын отандық өнімдерге ауыстыру 7,1 млрд. теңгеге оңтайландырылды. Ал нысандарды абаттандыру жұмыстары 700 млн. теңгеге оңтайландырылды», - деді Б. Сауранбаев.

Айта кетелік, үстіміздегі жылы 27-ші желтоқсанда 12 мың орындық Мұз сарайының жаттығу алаңында тұңғыш рет жаппай сырғанау шарасы өтеді. Сонымен қатар, осы жылдың аяғына дейін жүзу бассейнінің құрылысы аяқталып, артынша онда да жарыс өткізіледі. Ал 2016 жылдың наурызына қарай, 3 мың орындық мұз аренасының жаттығу алаңының құрылысы аяқталады. Ал негізгі нысандар болса, 2016 жылдың 1-ші қыркүйегінде толығымен пайдалануға беріліп, оларда тестілік жарыстар басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или