Алексей Ни: «Мәселе килограммда емес, мәселе – баста!»

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни әлем чемпионатының алғашқы күні бақ сынаған Арли Чонтейдің нәтижесі туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- «Мен үшін, Арлидің серпе көтергендегі нәтижесі күтпеген жағдай болдығ өйткені ол жаттығуда 160-165 келіні оңай көтеретін. Ал 150 келіні кез келген уақытта көтеруге міндетті еді. Жұлқа көтеруде күміс медаль олжалап, сәл босаңсып қалды. Алғашқы мүмкіндігінде, ол штанганы көтерді, алайда берілген уақытта ұстап тұра алмады. Сол себепті төрешілер есептемеді. Екінші мүмкіндігінде, босаңсып қалған ол жарақат алып қалды. Меніңше, бұл психологиялық қателік болды. Кеудеге оңай алды, оңай көтерді, тек берілген уақыт көлемінде ұстап тұру керек еді. Мәселе килограммда емес, мәселе – баста! Әлем біріншілігі біз үшін Рио олимпиадасының алдындағы үлкен жаттығу. Себебі, Риода нағыз соғыс болады. Ал қиындықты көтере алмайтын спортшылардың онда істейтін ісі жоқ», - деді шәкіртіне қапаланған Алексей Ни.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или