«Барселона» маусымда алғаш рет жеңіліс құшты

«Барселона» маусымда алғаш рет жеңіліс құшты

Испанияның «Барселонасы» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бірінші тур ойынында француздық «Монакомен» сырт алаңда ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Оныншы минутта-ақ Эрик Гарсия алаңнан қуылғаннан кейін қонақтар он футболшымен қалды. Көп ұзамай Магнес Аклиуш есеп ашты, бірақ үзіліске дейін Ламин Ямал есепті теңестірді. Екінші таймда француздар Джордж Иленикеннің соққысының арқасында жеңісті жұлып алды – 2:1.

Айта кетейік, бұл Флик шәкірттерінің маусымдағы алғашқы жеңілісі. Бұған дейін католондықтар Испания чемпионатында бес ойын өткізіп, барлық матчта жеңіске жеткен. 

Келесі кезекте «Барселона» швейцариялық «Янг Бойз», немістің «Бавария» және Дортмундтың «Боруссиясы», сербиялық «Црвена Звезда», француздық «Брест», португалиялық «Бенфика» және италиялық «Аталанта» клубтарымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или