Максим Самородов «Ахмат» сапындағы алғашқы голын соқты

Максим Самородов «Ахмат» сапындағы алғашқы голын соқты

«Ахмат» шабуылшысы Максим Самородов ресейлік клуб сапында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық футболшының клубы сырт алаңда Ресей кубогы топтық кезеңі аясында «Пари НН» командасымен күш сынасып жатыр.

Самородов 9-минутта кездесу есебін ашты. Амин Талалдың пасынан кейін қазақстандық шабуылшы қақпаның жақын бұрышын дәл көздеді. 

Айта кетейік, Максим «Ахмат» сапында алғаш рет негізгі құрамда шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или