Қазақстан тарапы көкпардан Қырғызстанмен реванштан бас тартты
Көкпардан Қазақстан құрамасы қырғыз тарапынан түскен ұсыныстан бас тартты. Бұл туралы Kloop басылымы хабарлады.
Қырғызстанның көк-бөрү федерациясының басшысы Рамис Жүнісалиев «Конкорд кубогын» 1 қарашада Ыстықкөл жағасында өткізуді ұсынған. Осы арқылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарымта ойында өткізу жоспарлаған.
Алайда Қазақстан көкпар федерациясы «өзге де маңызды жарыстарға» қатысуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или