«Астана» сырт алаңда жеңіске жетіп турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді
«Астана» сырт алаңда жеңіске жетіп турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz
Кейінге шегерілген 15-тур ойынында елордалық ұжым қызылордалық «Қайсарға» қонаққа барып, 0:1 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды бірінші таймда Усман Камара соқты.
«Астана» мен «Қайсар» турнирлік кестеде көршілес командалар. Бірі 27 ұпаймен 5 орында тұрса, енді бірі 25 ұпаймен 6 орынға орнығып алды. Бабаян шәкірттерінің қосымша өткізуі керек 3 қосымша ойыны бар. Сол себептен елорда ұжымы чемпиондыққа таластан шығып қалған жоқ.
Бабаян шәкірттері келесі ойынды сырт алаңда «Ордабасыға» қарсы 22 қыркүйек күні өткізеді.
Дереккөз: Prosports.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или