2017 жылғы қысқы Универсиаданың бюджеті екі есеге қысқарды

2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиаданың жалпы операциялық бюджеті екі есеге қысқарды.

Бұл туралы бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындық аясында Отандық өнім өндірушілермен ынтымақтастық форумында белгілі болды. Аталмыш сайыстың алғашқы операциялық бюджеті 32 млрд. теңгені құраған. Бірақ кейін белгілі болғандай, бюджет 17 млрд. теңгеге (53 млн. еуро) дейін қысқартылыпты.

Салыстырмалы түрде айтқанда, 2013 жылғы Қазандағы қысқы Универсиаданың операциялық бюджеті 500 млн. еуроға жуық қаражатты құраған.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылғы қысқы Универсиада Алматы қаласында 29 қаңтар мен 8 ақпан арасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или