Евсеев Қытайдағы турнирде камбэк жасады

Евсеев Қытайдағы турнирде камбэк жасады

Әлемдік рейтингте 207-орында тұрған қазақстандық теннисші Денис Евсеев Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан ATP 250 турнирінің негізгі жеребесіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық іріктеу финалында Чехия өкілі Далибор Свврцинамен кездесті. Бірінші сетте қарсыласы Евсеевті тас-талқан етіп ұтқанымен, қазақстандық теннисші жігер танытып, 0:6, 6:4, 6:4 есебімен жігерлі жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеудің бірінші кезеңінде Денис Евсеев америкалық Рейли Опелканы 7:6, 4:6, 6:3 есебімен ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или