Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) АҚШ-тағы сәтті дебютінен кейін рингке қайта оралу туралы шешім қабылдады, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, Ахмедовтың келесі жекпе-жегі 13 желтоқсанда Санта-Йнезде (Калифорния, АҚШ) өтеді. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ. Жекпе-жек промоутер Том Лёффлердің 360 Promotions шоуының бөлігі болады.

Естеріңізге сала кетейік, 31 тамызда Садриддин Ахмедов сол қалада жекпе-жек өткізіп, америкалық Антонио Тоддты (17-11, 9 КО) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Садриддин үшін бұл 2022 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы жекпе-жек және оның АҚШ-тағы дебюттік өнері болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или