Қазақстандық теннисші Австриядағы жарыстан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Австриядағы жарыстан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Бад-Вальтерсдорфте (Австрия) «Челленджер» сериясында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан спортшысы кортта бразилиялық спортшы Тиаго Уайлдпен (әлемнің 96-шы ракеткасы) кездесіп, үш сетте 6:7, 6:2, 2:6 есебімен жеңілді. Екі сағат 29 минутқа созылған ойын 1/16 финалдық кезеңде өтті.

Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы қазіргі уақытта ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) жекелей рейтингінде 179-шы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или