Алматы қаласында өтетін ATP 250 турниріне қатысатын ТОП ойыншылардың тізімі анықталды

Алматы қаласында өтетін ATP 250 турниріне қатысатын ТОП ойыншылардың тізімі анықталды

Almaty Open ATP 250 турнирінде ТОП-30-ға кіретін бес ойыншы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Алматы қаласында 2024 жылы 13-20 қазанда алғаш рет өтетін ATP 250 турниріне қатысатын ТОП ойыншылардың тізімі анықталды.

Тізім көшін 2023 жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің финалисі, америкалық Себастьян Корда (15 ATP), америкалық Фрэнсис Тиафо (16 ATP), ресейлік Карен Хачанов (23 ATP), франциялық Артур Фис (25 ATP) және қазақстандық Александр Бублик бастады.

Қазақстанның оңтүстік астанасында сондай-ақ италиялық Флавио Каболли (32 ATP), чехиялық Томас Махач (35 ATP), өткен жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің чемпионы, франциялық Адриан Маннарино (46 ATP), мажарстандық Фабиан Марожан (49 ATP), әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньини және басқалар ойнайды.

Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бубликтен басқа беделді жарыста Александр Шевченко, Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Денис Евсеев, жұптық сында Александр Недовесов қорғайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или