Ресми: Андрей Голубев кәсіби мансабын аяқтады
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев мансабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz
15 қыркүйекте Астанада Ұлттық теннис орталығының корттарында қазақстандық теннисші Андрей Голубевтің зейнетке шығуы салтанатты түрде өткізілді, деп хабарлады ҚТФ баспасөз қызметі (Қазақстан теннис федерациясы)
37 жастағы теннисші жанкүйерлерімен қоштасып, федерацияға, қарсыластарына, отбасына барлық қолдау мен бәсекелестік үшін алғыс айтты.
«Ең алдымен, менің отбасыма және менің бүкіл мансабымда маған қолдау көрсеткен және сенген ата-анама алғыс айтқым келеді. Мен барлық жеңістерімді Қазақстанға әкелгеніме өте қуаныштымын және мақтанамын. Менің бүкіл мансабымда маған сенген және қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме рахмет», - деді Андрей Голубев.
Теннисші өзінің мансабында Токио-2020 жазғы Олимпиада ойындарына қатысты, 2014 жылғы Азия ойындарында командалық жарыстарда алтын жеңіп алды. Андрей, сонымен қатар Үлкен Дулыға финалисті (Франция ашық чемпионаты-2021) және екі ATP турнирінің жеңімпазы (біреуі жекелей).
2010 жылы ол мансабында алғаш рет ATP рейтингінде 33-ші орынға дейін көтерілді.