Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбеттің (12-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Нұрмағанбет рингке келесі айда – 25 қазанда оралады. Ол Сан-Джасинтода (Калифорния, АҚШ) өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, 15 қыркүйек күні таңертең Бек Нұрмағанбет америкалық Джошуа Конлимен (17-7-1, 11 КО) жекпе-жек өткізіп, оны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Жекпе-жек Невада штатының Лас-Вегас қаласында өтті. Бокс кешінде Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) – Эдгар Берланганың (22-1, 17 КО) андеркардында өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или