Танымал қазақстандық теннисші Сеулдегі турнирді сәтсіз бастады

Танымал қазақстандық теннисші Сеулдегі турнирді сәтсіз бастады

Қазақстандық 29 жастағы теннисші Юлия Путинцева Сеулде өтіп жатқан турнирдің алғашқы айналымында америкалық Аманда Анисимовадан 3:6, 6:7 (5:7) есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды.

Аманда Анисимова Татьяна Мария - Виктория Томова кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Сеулдегі турнир 16-22 қыркүйек аралығында өтеді. Жүлде қоры 922 573 доллар, өткен жылғы жеңімпаз – америкалық Джессика Пегула.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или