Қазақстандық боксшы «Канелоға» алғыс айтты
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағамбет (12-0, 10 КО) кезекті мерзімінен бұрын жеңісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нұрмағамбет Лас-Вегаста (АҚШ) Сауль «Канело» Альварес пен Эдгар Берланга арасындағы жекпе-жектің андеркардында өнер көрсетіп, америкалық Джошуа Конлиді (17-7-1, 11 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген еді.
«Менің кезекті жеңісіме қолдау білдіріп, құттықтап жатқан барлық жанашырларыма рақмет! Осындай үлкен аренада әлемнің үздік боксшыларымен бір қатарда жұдырықтасып, өнер көрсетуіме мүмкіндік берген Канело құрамасына рақмет! Маған керекті көмектің барлығын жасаған кісілерге рақмет!», - деп жазды ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или