Рыбакина тағы бір турнирден бас тартты

Рыбакина тағы бір турнирден бас тартты

Бірқатар атақты теннисші, соның ішінде қазақстандық Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-орын) Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтетін WTA 500 турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакинамен қатар турнирдің қатысады делінген польшалық Ига Швентек (WTA рейтингінде 1-орын), америкалық Джессика Пегула (3-орын) және ұлыбританиялық Эмма Радукану (70-орын) да жарысқа қатысудан бас тартқан.

«Жылдың ең шатастыратын плакаты (өйткені Швентек, Пегула және Рыбакина турнир басталмай тұрып жарыстан шықты)», — деп жазған аренаның кіреберісіндегі суреттің астына көрермендердің бірі.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или