Танымал бапкер Қазақстанның әлем чемпионатындағы құрамы жайында айтты

Танымал бапкер Қазақстанның әлем чемпионатындағы құрамы жайында айтты

Футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Какау Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында Өзбекстанда өтіп жатқан 2024 жылғы әлем чемпионатындағы команданың құрамы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Иә, Қазақстан Эдсон мен Тайнансыз көп нәрседен айырылды, бірақ құрамда әлі де Дуглас, Игита және Лео бар. Лео стандарт жағдайларын орындау мен гол соғуда өте маңызды ойыншы, өйткені оның соққысы өте жойқын, ал Игита қосылып, беске төрт ойын кезінде  бұл рөлді Лео өте жақсы атқарады», — деді Какау.

15 қыркүйекте Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының D тобының бірінші турында Испаниямен (1:1) тең түскен еді. Топтың екінші матчында Ливия Жаңа Зеландияны (3:1) жеңген. 18 қыркүйекте қазақстандықтар Ливиямен кездеседі.

Какаудың жаттықтыруымен Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдеге талас матчында Сербияны (5:2) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или