Легионер ҚПЛ стадиондарын сынап тастады
«Қызылжар» және «Жетісудың» бұрынғы шабуылшысы Максим Чиканчи ҚПЛ-дағы инфрақұрылым жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сілтеме жасап.
– Көптеген легионер, бұрын ҚПЛ-да ойнағандар, инфрақұрылым мен трансляцияларды сынайды. Бұл туралы не айта аласың?
– Бәрі дұрыс дей алмаймын. Қазақстан футболымен аз да болсын байланысы бар кез келген адам инфрақұрылым жоғын айтады. Алматыдан басқа жерде футбол стадиондары мен алаңдар жоқ. Трансляцияларға келер болсақ, сапасы төмен. Тағы да, бұл тақырыпта көп нәрсе айтуға болады, бірақ теріс пікірлерді ұнатпаймын. ҚПЛ-дың көптеген оң тұстары бар, соларға назар аудару керек.
Шабуылшы «Жетісудан» өткен жазғы трансфер кезеңінде кетіп, Ресейге оралған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или