Котто мен Альварестің гонорарлар көлемі белгілі болды

34 жастағы экс-чемпион Мигель Котто 21 қарашада өтетін жекпе-жектен 15 миллион доллар алады. Ал оның қарсыласы Сауль «Канело» Альварес кездесуден 5 миллион долларға ие болады.

Порталдың мәліметінше, ақылы трансляция сәтті өткен жаңдайда НВО табыстың қосымша пайызын береді, ал Альварес Мексикадағы трансляциядан өз үлесін алады.

Айта кетейік, Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында "Канело" мен Котто салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Жекпе-жекке екі боксшы да 155 фунт (70,3 келі) салмаққа дейін қатысулары керек. Котто 153,5 (69,6 келі) салмақ көрсетсе, Альварес 155 фунт болды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, Котто - Альварес кездесуі 21 қарашада Лас-Вегас қаласының Mandalay Bay аренасында өтеді. Егер кездесуде «Канело» жеңіске жетсе, WBC титулының иегері атанады, ал Котто жеңімпаз болса, чемпиондық атақ автоматты түрде Геннадий Головкинге берілуі мүмкін.

Tengrinews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или