Испания - Қазақстан матчының бірінші таймы аяқталды
Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өзебекстанның Әндіжан қаласында Кака шәкірттері Испания құрамасымен матч өткізіп жатыр.
Матчтың бесінші секундында өткен әлем біріншілігінің үздік сұрмергені Біржан Оразов гол соғып, Қазақстан құрамасын есепте алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста Испания таразы басын теңестіріп кетті.
Өкінішке қарай, матч барысында Дәурен Тұрсағұлов алаңнан қуылды.
Қоса кетейік, D тобында Испания және Қазақстанмен қатар, Ливия, Жаңа Зеландия құрамалары да бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или